11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №676

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 4 желтоқсан, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: тақырыбы мына редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы». 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурстарында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне (Е.Н.Иманғалиевке) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12807 болып енгізілді.